Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарAMANATАқмола облысының ірі кәсіпорындарында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылуда

Ақмола облысының ірі кәсіпорындарында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылуда

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында Ақмола облысындағы 5 ірі кәсіпорнында «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылуда.

«AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізу, шалғайдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесу, ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында қоғамдық қабылдаулар ашу, әлеуметтік желілерде белсенді болу қажет екендігін айтқан болатын. Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі. Қазақстан бойынша AMANAT партиясының БПҰ саны 4,5 мыңнан асады. Ақмола облысында 274 бастауыш партия ұйымы бар. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақмола облысының 5 ірі бастауыш партия ұйымында партияның қоғамдық қабылдаулары ашылды»,-дейді «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетова.

Осындай қабылдау бөлмесі жұмысшылар саны 1,5 мыңға жуық Көкшетаудағы алып кәсіпорынның бірі «Асыл арман» серіктестігінде өз жұмысын бастады. Жұмыс үрдісінен қол үзбей облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарымен келген зауыт жұмысшыларының сұрақтары әр алуан болды.

Евгений Исаенко таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмсақ биг-бег қаптарын шығаратын цехте ауысым шебері болып қызмет етеді. Сондықтан оның жеке мәселесі бойынша туындайтын түйткілдерді шешуге уақыты бола бермейді. Мәселен, жасынан жетім өскен ол баспана кезегінде тұр. Ал, пәтер кезегінің қалай жүріп жатқанынан бейхабар. Бүгін міне, зауытта «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылғанын естіп, баспана кілтіне қашан ие болатынын, яғни кезектің қалай жылжып жатқанын білу мақсатында келіп, өзін қызықтырған сауалына жауап ала алды.

Пәтерлерінде температураның төмендеп кеткенін, краннан аққан судың сапасыздығын алға тартып арызданғандар, жолдардың қашан жөнделетінін, жылу электр орталығының қашан салынатынын білгісі келгендер де партияның қабылдау бөлмесіне жазылды. Жалпы, зауыттың 15 шақты жұмыскерінің өтініш-тілектері тыңдалып, жазып алынды. Олардың барлығы партиялық бақылауға алынады.

Ірі кәсіпорындарда қабылдау бөлмесін ашудағы басты мақсат азаматтармен кері байланысты күшейту болғандықтан, қабылдауға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен облыстық қабылдау бөлмесінің жетекшісі, партияның Көкшетау қалалық филиалының атқарушы хатшысы және қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің жетекшілері мен мамандары қатысты.

«Асыл арман» зауытындағы партияның қабылдау бөлмесі енді тұрақты жұмыс істейтін болады. Бұған дейін партияның қабылдау бөлмелері Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы «CAPITAL PROJECTS LTD» серіктестігінің құс фабрикасында, Атбасар ауданындағы Атбасар электровоз жөндеу зауытында және Көкшетаудағы «Тыныс», Степногорск қаласының «Степногорск ЕПК» подшипник зауытында ашылды. Халыққа жақын болудың бір амалы – жұмысшыларды толғандырған мәселелерді білу, әрі оның оң шешілуіне ықпал ету. Осы мақсатта ашылған кәсіпорындардағы партияның қабылдауларына барлығы 60-қа жуық жұмысшы жазылып, өтініш-тілектерін жеткізді. Барлығы партиялық бақылауға алынатын болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...