Среда, 2 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградАқмола облысының Родина ауылында мешіт ашылды

Ақмола облысының Родина ауылында мешіт ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Құрбан Айт мерекесіне орай Целиноград ауданының Родина ауылында жаңа мешіт ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша бас имамы Қуаныш Сәбит, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты.

«Дәл осы берекелі күні біз Родина ауылында мешіт ашып отырмыз. Қазақстанда тату көршілік пен рухани бірлікте үш жарым мыңнан астам діни ұйымдарды біріктіретін 18 конфессияның өкілдері тұрады, олар дінді еркін ұстануға, мәдениет пен әдет – ғұрыпты дамытуға мүмкіндік алады», — деп атап өтті өңір әкімі құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ Ермек Маржықпаев «Родина» агрофирмасының басшысы, Ақмола облысының Құрметті азаматы, құрметті академик пен профессор, меценат, Еңбек Ері Иван Сауэрге ауыл тұрғындарының тұрмыстық қана емес, рухани мұқтаждықтарына да көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Жаңа мешіт имамына мерекелік жағдайда тұрғын үй мен автокөлік кілттері табыс етілді. Он айда заманауи құрылыс материалдарынан салынған және жүз адамды сыйғызатын «Наубайұлы Мұқыш» мешіті ауылдағы тағы бір көрікті орынға айналады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Телеарна арқылы күндіз-түні сәләфизмді насихаттадық. Қазақ қоғамына қазіргі исламнан қатер бар ма?

Таяуда әлеуметтік желілерде Біріккен араб әмірлігінде Дубай қаласында  украиналық модель келіншектің басынан кешкен жайы туралы көп ақпараттар жарияланды. Ақшаға қарық боласың деген жарнамаға сеніп...

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...