Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы жұмысты...

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы жұмысты кезекті рет сынға алды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов пен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың, сондай-ақ облыстық ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті.

Ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірінің лауазымды тұлғасына және басқа тұлғаларға қатысты бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген ұсынысты қаралды.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің назарына өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғасына және бизнес субъектілеріне қатысты бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді.

«Қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін адал атқармауы және ветеринария, сондай – ақ ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары тарапынан әрекетсіздігі аталған құқық бұзушылықтарға алып келді», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы бірқатар ұсыныстар енгізді, соның ішінде бюджет қаражатының тиімді және уақтылы игерілуіне бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша тұрақты жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу бойынша.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтардың маңызды аспектілерін түсіндіріп, мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына миллиардтаған теңге бөледі. Осы саладағы қандай да бір сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар елеулі салдарларға әкеп соқтыратынын түсіну қажеттігін атап айтты.

Сонымен қатар ол бірнеше рет құқық бұзушылық жасалғандықтан, ұжымда тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ҚР заңнамасының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатаң тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдауды ұсынды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...