Полицейлер облыс тұрғындарына онлайн-сатып алуды рәсімдеу кезінде, интернетте мәмілелер жасау кезінде интернет-алаяқтықтың әртүрлі фактілері туралы ескертеді, сондай-ақ алаяқтықтың басқа түрлері туралы ұмытпауды сұрайды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Есіл аудандық полиция бөлімі жергілікті тұрғынның өтініші бойынша алаяқтық фактісін тіркеді. Бір күн бұрын «OLX» интернет-сайтында белгісіз тұлғалар жеңіл көліктің тіркемесін сату туралы хабарландыру жариялағаны алдын ала анықталды. Өтініш берушіге тиесілі 220 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алғаннан кейін, белгісіз адамдар сатып алушымен байланыс орнатуды тоқтатқан.
Алаяқтардың құрбаны Ерейментау ауданының тұрғыны болды, ол 25 сәуірде «Binans» интернет платформасы арқылы өзінің қаржылық қаражатын көбейтуге тырысқан. Әйел 310 мың теңгесінен айырылды.
Сонымен қатар, Степногорск қаласының 22 жастағы тұрғыны қылмыскерлердің әрекетінен зардап шекті. Ақмола тұрғыны 2023 жылдың 14 ақпаны мен 29 наурызы аралығында белгісіз адам алдау арқылы оның атына «Микроқарыз» және «Кредит» ЖШС қосымшаларында 250 мың теңге сомасында микронесие рәсімдегенін хабарлады.
Қазіргі уақытта жәбірленушілердің өтініштері тіркелді, полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау үшін жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары азаматтардан қырағы болуды сұрайды.