Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында есірткіні жарнамалаған Петропавл тұрғындары ұсталды

Ақмола облысында есірткіні жарнамалаған Петропавл тұрғындары ұсталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қылмысты 24 сәуірде Ерейментау қаласы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша, бір күн бұрын аудан орталығының аумағына есірткі заттарын сатумен айналысатын сайттарды заңсыз жарнамалауды насихаттау және орналастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары келген.

«Насихатшыларды» полиция қызметкерлері қылмыс орнында ұстады. 22 жастағы жігіт пен 19 жастағы бойжеткен Уәлиханов көшесіндегі №43 көппәтерлі үйдің подьездінде тыйым салынған жазуларды жазу кезінде ұсталды. Заттай дәлел ретінде трафареттер мен аэрозольдық баллондар тәркіленді.

Жастардың айтулары бойынша олар Ерейментау қаласына жарнамалық «науқанмен» келген, СҚО тұрғындарының міндеті тыйым салынған препараттарды насихаттайтын және сататын сайттарға сілтемелер тарату болған. Мұндай «тапсырманы» олар танымал интернет қосымшасы арқылы табылған жұмыс берушіден алған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 299-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жастар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР Қылмыстық кодексіне есірткіні насихаттайтын және өткізетін интернет – сайттарға сілтемелер таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін «Есірткі заттарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» деген 299-1-бап енгізілді. Бұдан былай тыйым салынған граффити салғаны үшін ұсталған азаматтар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер осындай әрекеттерді адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, кінәлілер алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...