«Жолда қабылдау» акциясы тек тәртіп сақшылары үшін ғана емес, ақмолалықтардың өздері үшін де дәстүрлі, әрі үйреншікті іс екені баршаға мәлім. Соңғы жылдары полицейлер оны жүргізу кезінде әлеуметтік желілер мен түрлі интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда. Қазіргі іс-шара да ерекшелік емес.
Алайда, бүгін «Жолдағы қабылдау» акциясы жыл басынан бері алғаш рет өткізіліп отыр. Карантин режимінің жалғасуына байланысты «Instagram» әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде, ағымдағы жылдың 21-22 мамыр аралығында халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында акция өткізу туралы шешім қабылданды.
Айта кету керек, азаматтардың полицейлерге өздерін қызықтыратын кез-келген мәселемен жүгінуге мүмкіндігі бар, ал полиция үшін бұл мәселелерді біліп қана қоймай, оларды жоюға мүмкіндік беретін өзіндік диалог алаңы.
Сонымен қатар, акция облыс аумағындағы қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінде жүзеге асырылды.
Полицейлер бірінші күн ішінде Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің пайдаланушыларынан және тұрғындардан түскен 2000-нан астам сұраққа жауап берді. Негізінен әкімшілік және жергілікті полиция мамандарына сұрақтар қойылды.
Мысалы, Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу, жол қозғалысы ережелері, жол белгілері, карантин режимі және т. б. тақырыптар бойынша ұсыныстар мен сұрақтар айтылды.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.