Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қосшы қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қосшы қаласының 39 жастағы тұрғынынан осы жылдың 30 мамырында Қосшы қаласындағы үйлердің бірінің ауласында оның 2012 жылы туған кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған Қосшы қаласының 40 жастағы тұрғынына қатысты шара қолдану туралы өтініш келіп түсті.
Балалар алаңында ойнаған кәмелетке толмаған балалар арасында жанжал болғаны анықталды. Нәтижесінде ұлдардың бірі әкесіне, Қосшы қаласының 40 жастағы тұрғынына жүгінген. Ер адам өтініш берушінің кәмелетке толмаған ұлының бетінің аймағын жұдырықпен ұрған. Бала ата-анасына болған жағдай туралы хабарлаған.
Аталған факті бойынша денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі 8-тармағы «Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.