Ағымдағы жылдың 25 мамырында Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 24 мамырға қараған түні православие ғибадатханасының аумағынан белгісіз адамдар еркін қол жеткізу арқылы металл кіреберіс есіктер мен қоршауларды ұрлап әкеткені туралы өтініш келіп түсті. Ғибадатхана бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі болды.
Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, тексеру жүргізіп, ауыл тұрғындарынан сұрақтарға жауап алды. Күдіктілердің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған 37, 41, 44 жастағы үш ер адамды анықтады.
Бұл факт ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу әрекеттері жалғасуда.