Четверг, 28 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту бойынша жаңа бастамаларды енгізуде

Ақмола полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту бойынша жаңа бастамаларды енгізуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыс автожолдарындағы апаттылықты төмендету-Ақмола полициясы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қайтымсыз және қайғылы салдарға әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарын анықтаумен қатар, тәртіп сақшылары ЖКО алдын алу және өңірдің жол инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі жұмысты бірінші орынға қояды.

Соңғы онжылдықта елдің автокөлік паркі едәуір өсті және жоғары жылдамдықты, маневрлік көліктерге жаңартылды, сәйкесінше көлік ағынының қарқындылығы артты. Ал бұл Ақмола облысының халықаралық және Республикалық маңызы бар 70-ші жылдары салынған, ені небары 9 метр автомобиль жолдарының 70 пайызы немесе 1540 шақырымы 15 метрге дейін кеңейтіле отырып, реконструкциялауға жататынын білдіреді. Мысал ретінде «Екатеринбург – Алматы» автожолының учаскесін келтіруге болады, Жақсы ауылынан Талапкер ауылына дейін халықаралық көлік дәлізі болып табылады: мұнда тәулігіне 10 мыңнан астам автомобиль өтеді, алайда жүріс бөлігінің ені 9 метр жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

Автожолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйінен басқа, жол-көлік оқиғаларының себептері жүргізушілер тәртібінің төмендігі және олардың белгіленген жылдамдық режимін және жол жүрісінің басқа да ережелерін сақтамауы болып табылады. Бұл факторлар өңірдегі авариялар санының өсуінің басты индикаторларына айналды: биыл облыстың автожолдарында 291 ЖКО орын алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 21 фактіге артық. 41 адам оқиғаның құрбаны болды, тағы 433 адам түрлі жарақат алды.

Апаттылықты төмендету бойынша жұмыстардың бір түрі- автожолдардың авариялық-қауіпті учаскелеріне тексеру жүргізу болып табылады, осы жылы өңір полицейлері осындай 1303 тексеру жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 122 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік ықпал ету шараларынан басқа, полиция қызметкерлері құзыретті мемлекеттік органдардың қолдауымен 22 авариялық–қауіпті орынға шуылды жолақтар салды, ал жүргізушінің зейінділігін арттыру үшін 34 тақырыптық билборд пен 15 жарық аспаптары немесе страбоскоптар орнатылды. Жылдамдық режимін бақылауды және жол қозғалысына қатысушыларды ескертуді жүзеге асыру үшін барынша жанданған трассалар бойында жарқылдауық маяктары жұмыс істеп тұрған патрульдік автомашиналардың 16 макеті орнатылды, ал жануарлардың қатысуымен болған ЖКО-ның алдын алу үшін жолдарда жануарлардың макеттері пайда болды, жыл соңына қарай олардың саны 80 бірлікті құрайды. Макеттерден басқа, полиция жануарлардың жүріс бөлігіне кіруіне жол бермейтін арнайы қоршаулар орнатты. Жыл соңына қарай қоршаулардың ұзындығы 420 шақырымды құрайды.

Ауа райының нашарлауы кезеңінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше назар аударылды: «Екатеринбург-Алматы» жолдарының қар басып қалатын 3 учаскелерінде, Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар облысы бағытында, Щучинск қаласынан және Щучинск қаласынан Зеренді ауылына дейін қисық сызықты брусты бөлшектеу жүргізілді. Осындай бөлшектеу көршілес Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары бағытында жүргізілетін болады.

Жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол апаттары үлкен резонанс тудырады. Биыл Целиноград ауданының төрт елді мекенінде: Қосшы қ., Талапкер, Қажымұқан және Қабанбай батыр ауылдарында 7 бағдаршам нысаны және Бурабай курорттық кентінде, елордаға жақын Қосшы қ., Жібек – Жолы және Талапкер ауылдарындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде 4 проекциялық жарық орнатылады. Осы айдың соңында осындай жарықтандыру облыс орталығында да пайда болады.

Цифрландыру процесі бүгінде полиция департаментінің күнделікті қызметіне берік еніп отыр, полицейлер жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтаған кезде де заманауи технологияларды қолданады. Бүгін Ақмола күзетшілерінің қолында осындай 40 жүйе бар, олар 47 469 ЖҚЕ бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 46 718 жылдамдық режимін асыру жағдайы. Қолданыстағы автоматты жүйелерден басқа, осы жазда тағы 13 бірлік пайдалануға беріледі, ұқсас функциялары бар 14 камера жаңғыртылады.

Апаттылықты ескере отырып, «EKIN-PATROL» кешенінің екі бірлігінің орын ауыстырылуы жүргізілді, бұл ЖКО санын 8 фактіге және зардап шеккендер санын 15 адамға азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, жүргізуші тәртібі өте төмен болып қалуда: биыл жылдамдықтан асып кету саны 10 000-нан астам фактіге (30 пайызға өсті), жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу сияқты өрескел бұзушылықтың өсуі 461 фактіге артты, мас күйінде көлікті басқару фактілерінің саны екі есеге артты. Патрульдік жасақтар облыс жолдарында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде 978 жүргізушіні ұстады және жауапкершілікке тартты, жаяу жүргіншілер жасаған 7750-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті.

Полиция департаментінің барлық құзыретті қызметтерінің өңір жолдарындағы апаттылықтың алдын алуға және төмендетуге бағытталған күнделікті жұмысы осы жылдың соңғы үш айында (сәуір-маусым) бірінші айлармен (қаңтар — наурыз) салыстырғанда авариялар санының 9,1 пайызға, қаза тапқандардың 29 пайызға және жараланғандардың 12 пайызға төмендеуіне ықпал етті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...