Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола полициясына терроризм актісі туралы екі жалған хабар түсті

Ақмола полициясына терроризм актісі туралы екі жалған хабар түсті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында сағат 14:52-де Көкшетау қ. полиция басқармасының ЖБО Көкшетау қаласының 30 жасар тұрғынынан оған бір ер адамның келіп, сауда үйлерінің бірінің ғимаратына бомба қойылғанын хабарлағаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жарылғыш заттың салынғаны туралы жалған хабарлама жасағаны үшін облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес бұл азаматтың «алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі» белгіленген.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.

2022 жылғы 9 қаңтарда сағат 21.25-те Көкшетау қ. ПБ ЖБО-ға «102» нөміріне Көкшетау қаласының тұрғынынан оның пәтерінде жарылғыш зат бар екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарылғыш зат туралы хабарламаны полицияға хабарлаған тұрғынның өзі ойдан шығарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азаматшада «алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі» анықталды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.

Естеріңізге сала кетейік, адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік залал келтіру не өзге де қоғамға қауіпті салдарлардың туындау қаупін туғызатын дайындалып жатқан жарылыс, өрт қою немесе өзге де әрекеттер туралы көрінеу жалған хабарлама 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...