Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Павлодар қаласында ардагерлер арасында дәстүрлі «MASTERS» веложарысы аяқталды.
Онда еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам шебер өнер көрсетті. Ақмола облысының өкілдері 71 жастағы Валерий Карагаев пен 70 жастағы Анатолий Гонаго бес медаль жеңіп алды.
Жекелей сайыста Анатолий Гонаго екінші, ал Валерий Карагаев үшінші болып мәреге жетті. Критериум жарысында Валерий Карагаев екінші, ал Анатолий Гонаго үшінші келді. Топтық жарыста Анатолий Гонаго күміс жүлдегер атанды.