Түркістан қаласында 13 өңір спортшыларының қатысуымен ересектер арасында асық ату мен бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Бес асықтан Ақмола облысының командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.
«Облыс намысын Томирис Құсайынова, Айлана Думан және Зарина Ережепова таныстырды. Асықшы қыздарды Самат Әукенов жаттықтырады», — дейді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.