Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласында бадминтоннан 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Командалық жарыста Ақмола облысы үздік үштікті қорытындылады. Дарья Брыткова жеке, жұптық санатта күміс жүлдегер атанып, аралас санатта үшінші орынға ие болды. Бқдан бөлек, Жанель Дүкенова жұптық санатта күміс медаль жеңіп алды. Ал, Альберт Родичкин жұптық және жеке санатта үшінші орыннан көрінді.