Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
Тоғыз салмақ дәрежесінде боз кілемге 200-ге жуық спортшы шығып, күш сынасты. Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты жарыс жакүйерсіз өтті. Оның ішінде ақмолалық балуандар Елуан Оспанов (Көкшетау қ.) екінші, Өмірбек Ақеділ (Целиноград ауданы) үшінші орын алды.