Теміртас Жүсіпов әскери қызметшілер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан үшін алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина @sport_akmola.
Мәскеуде әскери қызметшілер арасында бокстан 58-ші әлем чемпионаты өтуде. Шаршы алаңға 36 елден 231 боксшы шықты.
Ақмола облысының боксшысы Теміртас Жүсіпов 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Финалда бразилиялық Леандерсон Консейсаомен жұдырықтасып, оны бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңді.
Кездесу 12 раундқа созылды.
Алтын медальдан басқа, турнир ұйымдастырушылары Теміртасты чемпиондық белбеумен де марапаттады.