Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалық нұротандықтар есептік-сайлау науқанын бастап кетті

Ақмолалық нұротандықтар есептік-сайлау науқанын бастап кетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін күллі республика көлемінде бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде. Жиналыс барысында 2019-2020 жылдарға арналған БПҰ төрағаларының есептері тыңдалып, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен орынбасары, партияның аудандық және қалалық конференцияларына қатысу үшін делегаттар сайланып, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасы талқылануда.

Ақмола облысында 37 мыңнан астам партия мүшесінің басын біріктірген 276 бастауыш партия ұйымы бар. 19-23 сәуір аралығында аталған барлық БПҰ-нда жиналыс өтпек.

Бүгін Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина»  бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда төрт партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, аралас форматта өтті. Оған 80-нен астам партия мүшелері қатысты.

Бастауыш партия ұйымы мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп ауылдық жерлерді дамытуға және оларды жаңғыртуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыруды мақсатты түрде жалғастыруда.   — «Ауыл — Ел бесігі» партиялық жобасы елді мекендерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінде Родина ауылының мектебінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай-ақ, соңғы 2 жылда 15 жас маман ауылдық округке ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша  еңбек етуге келді. Сондай-ақ, «Родина» ЖШС агрофирмасы аудандағы барлық әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге, атап айтқанда сумен жабдықтау жүйесін, жылу желілерін күтіп ұстау, жолдарды тазарту немесе жөндеу, жарықтандыру, балаларды әкелу, мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру, зейнеткерлерге, мүгедектерге көмек көрсету, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу, әлеуметтік объектілерді күтіп ұстау және материалдық жабдықтаумен көмектесуде. 2020 жылы Агрофирма аудан тұрғындарына емделуге, бала тууына, үйлену тойларына, жерлеу рәсімдеріне 6,5 млн.теңге көлемінде материалдық көмек көрсеткен. Садовое кентіндегі мәдениет үйінде өз қаражаты есебінен 6 910 500 теңге көлемінде шатыры күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде  3 455 000 теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізілген. Сонымен қатар, ауыл ішінде көгалдандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл игілікті істер одан әрі жалғаса бермек.

Жиналыстың шешімімен бастауыш ұйымның жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Жиналыс барысында Целиноград аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайланып, «Родина» БПҰ төрағасы болып,   ауылдық округ әкімі   Талғат Мұқышев және оның орынбасары ретінде Сергей Ибряев сайланды.

Партиядағы есептік -сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өтіп жатқандығын ескертіңізге саламыз.  Партиялық ұйымның есепті кезеңдегі жұмысы бағаланған соң, партия мүшелері БПҰ төрағаларын сайлап, немесе қайта сайлайды. Сондай ақ, саяси кеңестер мен бюроның құрамын жаңартады. Барлық ұйымдастырушылық процедуралар «партияны жаңғырту» жағдайында өтуде. Сайланбалы органдардың активіне негізінен халық арасында беделге ие жастар, әйелдер, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар сайлануды.

19-23 сәуір аралығында облыс бойынша бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары, 26 — 28 сәуірде аумақтық филиалдардың есеп беру-сайлау конференциялары, ал сәуір айының соңында облыстық партияның ХХХІV конференциясы өтеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...