Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушылар халықаралық байқаудың жеңімпаздары қатарында

Ақмолалық оқушылар халықаралық байқаудың жеңімпаздары қатарында

Сондай-ақ, оқыңыз...

10-12 наурыз аралығында Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында офлайн форматта Өмірбек Жолдасбеков атындағы 10-11 сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІ Халықаралық конкурсы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау болып табылады.

Байқауға 2021-2022 оқу жылында өткен республикалық ғылыми жарыстарының облыстық турының І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері және шетел мектептерінен ғылыми жобалардың ұлттық жарыстарының жеңімпаздары атанған 168 қазақстандық оқушы қатысты.

Ақмола облысының намысын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, механика секциясы бойынша «Авто су құйғыш» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Мухамадиев Диас;

Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, математика секциясы бойынша «Матрицаның популяциялық моделі және оның статистикада қолданылуы» тақырыбындағы ғылыми жобасымен  Текен Ақерке;

Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, қолданбалы математика секциясы бойынша «Мұрал сыры» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Бакбаева Камила;

Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, қолданбалы математика секциясы бойынша «Тұрғын үй мәселесін шешу» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Мәлік Жасұлан қорғады.

Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша Мұхамадиев Диас ІІІ орынды иеленсе, Мәлік Жасұлан грамота иегері атанды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...