Астана қаласында ҚР Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі аяқталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша сегіз педагог ұсынған Ақмола облысы төрт жүлделі орынға ие болды.
- Шынаргүл Құсайынова Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі — ІII дәрежелі диплом;
- Нұргүл Есентаева Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп — лицейі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом;
- Гүлбаршын Оспанова Бұланды ауданы, Никольск №2 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом;
- Клара Мұхамет Аршалы ауданы, Сары-Оба ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі — ІII дәрежелі диплом.
Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
«Өткізілген олимпиада барысында педагогтар комбинаторлық логикалық есептерді шешу арқылы өз тәжірибелерін жетілдірді, жаңа тәсілдерді қолдану дағдыларын дамытып, педагогикалық шеберліктерін арттырды»,- деп ұйымдастырушылар атап өтті.