Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмолалық полицейлер мобильді қосымшаcы арқылы ақша алған қаскүнемді ұстады

Ақмолалық полицейлер мобильді қосымшаcы арқылы ақша алған қаскүнемді ұстады

23 тамыздан бастап облыс аумағында басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ақмолалық полиция қызметкерлері мобильді қосымшаның көмегімен ақша ұрлығын ашты.

Зардап шеккен 43 жастағы облыс орталығының тұрғынынан Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне арыз ағымдағы жылдың 14 тамызында келіп түсті.
Өтініш беруші телефонын жоғалтқанын, кейін «HomeBank» қосымшасының көмегімен белгісіз тұлға оның шотынан 70 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын есептен шығарғанын хабарлады.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында көкшетаулық жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының 23 жастағы, бұрын сотталмаған тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 188-баптың 1-бөлігі «ұрлық»бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақмола полицейлері телефон жоғалған немесе ұрланған жағдайда жедел түрде барлық банктермен байланысып, мобильді құрылғының жоғалғаны туралы хабарлауды ұсынады.

Банктердің қосымшалары орнатылған смартфонды алып, алаяқтар сіздің шоттарыңыздан ақшаны тез арада шешіп ала алады. Сондықтан смартфонға пароль немесе саусақ ізімен ашуды орнатқан жөн. Бұл смартфонға және ондағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде қылмыскерлер үшін аздап кідіріс тудыруы мүмкін, бірақ ол оны толығымен қорғамайды. Сондықтан, егер смартфон жоғалса, SIM картасы мен банк карталарын дереу блоктау керек.

Мобильді қосымшаның көмегімен картадан қаражат алуға жол бермеуі үшін телефонды ұрлау туралы банкке мүмкіндігінше тезірек хабарлау керек.

Сонымен қатар, егер телефонда жеке куәліктің фотосуреті болса, алаяқтар сіздің атыңызға несие ала алады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...