Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалық полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге шақырылды

Ақмолалық полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге шақырылды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы аумақтық Полиция департаментінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша онлайн режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Көкшетау қаласы полиция басқармасының полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы негізінде енгізілген ұсыныс бойынша ақпарат жеткізілді.

Жоғары тұрған басшылық пен жетекшілік ететін адамдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын сақтамау құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары болды.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін қол астындағылардың қызметіне бақылауды күшейту, қызметкерлер арасында тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және полиция қызметкерлері жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету ұсынылды.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің басшылығына жас қызметкерлердің кәсіби дайындығына ерекше назар аудару, тәлімгерлік институтын күшейту, заңдылықтың жиі кездесетін бұзылулары бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу жөнінде жадынамалар мен әдістемелік құралдар әзірлеу ұсынылды.

Айта кету керек, соңғы екі жылда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет iшкі істер органдарына 37 ұсыныс жіберді, олардың қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар – 53 адам – тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жұмыстан шығаруға мен босатуға дейін – 12 адам.

Сөз сөйлеу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың негізгі өзгерістерін түсіндіріп, құқық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге назар аударды.

«Полиция органдарының қызметкерлері азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауы тиіс. Ал қазіргі уақытта мемлекеттік биліктің өкілі ретінде сіздер халық алдында ерекше жауапкершілік танытуларыңыз, парасаттылық пен сатылмаушылық қағидаттарын мүлтіксіз сақтауларыңыз қажет, мен сіздерді осыған шақырамын», – деп атап өтті Арман Рахимов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...