Шаңғы жарысынан Қазақстан құрама командасының құрамына төрт ақмолалық кірді, деп хабарлайды Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
2021 жылғы 9-14 ақпан аралығында Финляндияның Вуокатти қаласында жасөспірімдер арасында өтетін Шаңғы жарысынан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында 17 жетекші қазақстандық шаңғышы қатысып, бақ сынайды.
Осы ретте, Ақмола облысынан төрт спортшы ұлттық құраманың сапына еніп отыр. Олар жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері — Надежда Степашкина, Анна Мельник, Никита Гридин және Святослав Матасов (№2 облыстық балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтерді даярлайтын спорт мектебі).