Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ақмолалықтар үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Абу-Дабиде (БАӘ) джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Fighting, NE-waza және Duo System бөлімдерінде 65 елден 1 500 спортшы өз шеберліктерін көрсетті.
Ақмола облысының спортшылары Қазақстанның құрама командасының құрамында бес жүлдеге ие болды.
Елизавета Синельникова, Арыстан Әбдірахманов және ардагерлер арасында Ержан Қасенов чемпион, Кенжеғара Руслан мен Серік Арсен қола жүлдегер атанды.