Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Дубай қаласында (БАӘ) 29 елдің спортшылары қатысқан классикалық пауэрлифтингтен Азия чемпионаты аяқталды.
Ақмола облысынан «Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің төрт спортшысы, Ерлан Игілік (53 кг), Иван Михлик (93 кг), Денис Гурлев (53 кг) және Артем Тарада (74 кг) қатысты.
Жерлестеріміз бір алтын, үш күміс және үш қола медаль еншіледі.