Ақмола облыс ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде тұрғындардан тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтіп жатыр.
Акция барысында ақмолалықтар полицияға ерікті түрде қару-жарақ заттарын тапсырғаны үшін қарудың түріне қарай әр данасы үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада төлем алады.
«Акция барысында 10 күннің ішінде өңір тұрғындары полиция бөлімшелеріне жалпы құны 4 миллион теңгеден астам сомаға 72 қару тапсырды, оның ішінде 60 тегіс ұңғылы, 10 – ойық, 2-травматикалық», — деді ведомстводан.
Қазіргі кезде тапсырылған қарулар департаменттің жедел – криминалистикалық басқармасында баллистикалық сараптамадан өткізілуде. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төленеді.