Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалықтардың 12,3 пайызы онлайн-режимде санақтан өз бетінше өтті

Ақмолалықтардың 12,3 пайызы онлайн-режимде санақтан өз бетінше өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің басшысы Ербол Амамбаев айтуынша, 1 қыркүйектен бастап халық санағы басталды, ол ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.

«Қазіргі таңда қазақстандықтар ұлттық халық санағының сұрақтарына онлайн-режимде жауап бере алады. Бүгінгі күні облыс халқының 12,3 пайызы (90 862 адам), оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 10,1 пайызы (14 654 респондент) өз бетінше санақтан өтті», — дейді Ербол Амамбаев.

Қазіргі кезде респонденттер үшін онлайн режимінде халық санағын өткізудің бірнеше тәсілі қарастырылған. Яғни, мамандандырылған SANAQ.GOV.KZ сайты, AITU мобильді қосымшасы, EGOV.KZ порталында авторизациялау арқылы жүзеге асыруға болады.

«SANAQ.GOV.KZ сайты респонденттерге орналасқан жеріне қарамастан өз бетінше санақтан өтуге және өзіне және өз отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылдың 15 қазанына дейін тәулігіне 24 сағат бойы қол жетімді. Онлайн санақтан өтпеген респонденттерден сұхбат алушылар 1-30 қазан аралығында планшеттерде жауап алады. Санақ кезінде мәліметтерді жинау үшін сәйкестендіруші ақпарат ретінде сұралатын адамның ЖСН пайдаланылатын болады, бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Интервьюерлер барлық қажетті құралдармен, жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы нысанды киіммен қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Е.Амамбаев.

Осы ретте, санаққа қатысты барлық мәселелер бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 call-орталығына хабарласуға болады. Департамент басшысы ақмолалықтарды онлайн режимде санақтан өтуге шақырады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...