Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай қаласында 2008-2009 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыста Ақмола облысының спортшылары екі медаль жеңіп алды. Оның ішінде 42 кг салмақ дәрежесінде Мерей Токкарина (Жақсы кенті) және 50 кг салмақта Сабыржан Жайнагүл (Көкшетау қаласы) үшінші орыннан көрінді.