Мен Көкшетау қаласының тұрғынымын, осында туып өстім. Сүйікті қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Дегенмен, сонда да әлі де күрмеуі қиын, шешілуі тиіс мәселелер баршылық. Кей көшелердегі жол мен ауызсудың сапасы сың көтермейді. Жаңадан салу үшін уақыт және қаржы қажет, оны түсінеміз. Ал, қолда барын күтіп ұстау мәселесіне неге назар аудармайыз?
Мәселен, Абылай хан даңғылындағы көшенің екіжағындағы жаяулар жолында жарық шамдары қираған, тіпті, кейбірінің бағанасы қисайып түбірімен құлағалы тұр. Осыны көргенде ішің аурады. Көкшетау ешкімге керек емес қала сияқты. Ол аздай Абылай хан көшесінен тұрғын үйлердің ауласына кіре берістегі жолдар ойық-ойық, тұрғындардың жүріп тұруына кедергі. Тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер ететін осындай мәселелерге неге жауапкершілікпен қарамаймыз? Қала әкімі қайда қарап жүр? Неге осы мәселені шешу үшін Бауыржан Ғайса қарамағындағыларға тапсырма бермейді?!.
Базарбай Рақымжанов, Көкшетау қаласының тұрғыны.