spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАялдамаға «бомба қойған» 29 жастағы күдікті ұсталды

Аялдамаға «бомба қойған» 29 жастағы күдікті ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 10-да сағат 13:00 Степногорск қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтты. Тәртіп сақшылары айтылған аумақты тексеру кезінде жарылғыш затты таппады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Анықталғандай, ол 2019 жылы да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылыпты.

«Осыған байланысты, қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img