Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАкмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді

Акмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 30 наурызда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Астана қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -3-5 дейін түсіп, күндіз 1-3 жылы болады.

Акмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 дейін, өңірдің солтүстігінде -11 градусқа дейін суиды. Күндіз -2 аяз, +3 жылы болады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 градус аязға дейін, күндіз 1-6 жылыға дейін.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде күші 23 м/с жетуі ықтимал.

ТүндеАқтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...