Сейсенбі, Мамыр 28, 2024
11.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАлғыс айту күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Алғыс айту күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Шақырылғандардың ішінде: Трищ Павел Станиславович – мемлекеттік қызмет ардагері, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің құрметті мүшесі, Яндиев Герихан Ибрагимович -Ақмола облыстық «Вайнах» шешен – ингуш этномәдени қоғамының төрағасы, Нагачевская Наталья Михайловна – Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрағасы.

Департамент басшысы Берген Беспалинов Алғыс айту күні – бұл ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы, толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімдерін нығайтатын мереке екенін атап өтті.

Кездесу қонақтары депортация жылдарында қоныс аударушыларды қолдағандары үшін Қазақстан халқына шексіз ризашылықтарын білдірді. Мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Павел Станиславович Қазақстандағы өз өмірінің тарихы туралы айтып берді.

«Ұлтым поляк. Қазақстанда туып өстім. Менің ата-бабаларым 1936 жылы Батыс Украинадан жер аударылды. Мен қазақ халқына бізді паналағаны, аяққа тұруға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. Қиын кезеңдер болды. Бірақ Қазақстан халқының бірлігі мен достығының, сондай – ақ Елбасының сауатты экономикалық саясатының арқасында біз бұл қиындықтарды еңсердік», – деп атап өтті П.Трищ.

Сондай-ақ, ол Қазақстан туралы, достық пен Туған жерге деген сүйіспеншілік туралы өз өлеңдерімен бөлісті.

Герихан Ибрагимович өз халқын депортациялау туралы толығырақ айтып берді. Оның отбасы Қазақстанға 1944 жылдың ақпан айында қоныс аударған. Барлық қоныс аударушылар сияқты өте үлкен шығындарға ұшырап, көптеген қиыншылықтардан өтті. Ол қоныс аударушылардың тарихын есте сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу өте маңызды деп есептейді.

Наталья Нагачевская поляктардың өміріндегі қызықты оқиғаларды айтты. Оның айтуынша, біздің елімізде өмір бойы поляктар қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, сүйді. Өз кезегінде Ақмола облысы поляктарының бірлестігі халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық байланыстарды дамытумен, поляк тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесумен, қазақстандықтарды Польшаға оқытуға даярлаумен және жіберумен айналысады.

Кездесу өте жайлы әрі жылы атмосферада өтті. Соңында Б.Беспалинов қонақтарға қоғамдық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Жазира Тоқтар,

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Jeti Qazyna зияткерлік ойыны мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен дамытуға бағытталған

Әсет Сағынайұлы Байжолов - әлеуметтік кәсіпкер, оның қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен дамытуға бағытталған. Көкшетау қаласында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Jeti Qazyna зияткерлік ойыны...

С.Нұрмағамбетов -100 жыл: Көкшетауда «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс – шарасы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат  Нұрмағамбетовтың  100 жылдық  мерейтойына орай «Батырлардың...

Көлік құралдарын заңсыз тіркегені үшін сотталды

ЖШС-нің директоры «О.» бұрынғы полиция инспекторы «К.»-мен бірлесіп, 2020 жылдың желтоқсаны - 2022 жылдың қаңтары аралығында шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеуді жүйелі түрде ұйымдастырған....

Аршалы ауданында жүк цистернасынан тұз қышқылы төгілді

Аршалы ауданының Сарыоба станциясында жүк цистерналардың бірінен тұз қышқылының төгілуі орын алды. Ағып кету пайда болған жарықтан пайда болды. Облыстық және аудандық штаб дереу орналастырылды....

Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш ашылды

Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған...