Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының тыңдаушыларымен, атап айтқанда облысымыздың қала, ауыл әкімдерімен, облыстық басқарма және аудандық бөлім басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Думан Әбілев мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамыту жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы және оны іске асыру үшін жоспарланған бастамалар туралы баяндады. Атап айтқанда, бұл тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың миссиясы, міндеттері және мемлекеттік қызметке қатысты талаптар жаңаша айқындалмақ.
Сонымен қатар іс-шарада мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты енгізілген заңнамалық шектеулер мәселесі талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.