Пятница, 29 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАлаяқ 500 000 теңге ақшасын жымқырған ақтөбелікке полиция ақшасын қайтарып берді

Алаяқ 500 000 теңге ақшасын жымқырған ақтөбелікке полиция ақшасын қайтарып берді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкері аға лейтенант Әйгерім Бостанбаеваға алғыс сөздері Департамент бастығының атына келіп түсті. Жолдаудың авторы Ақтөбе қаласының тұрғыны Сергей Жегужевский тергеушінің кәсібилігінің арқасында автокөлік сатып алу үшін алаяққа аударған 500 000 теңгені қайтарып алды.

«Менің ісімді тез ашып бергені үшін оған көп рахмет. Оның жоғары біліктілігі, кәсібилігі, дұрыс іс-әрекеті мен табандылығының арқасында қылмыскер ең қысқа мерзімде табылды», — деп жазады Сергей.

2022 жылдың қазан айының басында Көкшетау тұрғыны «Kolesa.kz», платформасында тіркеліп, құны 16 000 000 теңге тұратын «Hyundai» маркалы автокөлікті Алматы қаласының аумағында сату туралы хабарландыру жариялаған. Алаяқтық схемаға сәйкес, әлеуетті клиенттер орташа нарықтық бағадан төмен бағаға қызығушылық танытып, көліктің «иесімен» байланысқа шыққан, ал соңғысы сатып алушыларға сатып алуға үміткер басқа клиенттер туралы жалған ақпарат беріп, оларды алдын-ала төлемді аударуға асықтырған. Ақтөбе тұрғыны осындай кең таралған қулыққа тап болды.

2022 жылдың 26 қазанында Сергей бұл хабарландыруға қызығушылық танытып, хабарландыру авторына хабарласып, шетелдік көлікті сату/сатып алу туралы мәліметтерді талқылады. Әрі қарай, күдікті өзінің жеке басын растау үшін мессенджер арқылы мүлдем басқа адамның құжаттарын жіберген, осылайша өтініш берушінің сеніміне кірген. Автокөлік «иесінің» қылмыстық ниеті туралы ештеңеге күдіктенбеген, мәміленің заңдылығына толық сенген ер адам алдын ала төлем ретінде 500 000 теңге аударған.

Көрсетілген соманы алғаннан кейін хабарландыру авторы байланысқа шығуды тоқтатты. Көкшетау қаласының полиция басқармасына арыз келіп түскеннен кейін қылмыстық істі тергеу тергеуші Әйгерім Бостанбаеваға тапсырылды. Жәбірленушінің айғақтарын талдағаннан кейін тергеуші Екінші деңгейдегі банктерге санкцияланған сауалдар жолдап, шотына ақшалай қаражат түскен куәгерлерден жауап алды.

Қабылданған шаралар қысқа мерзімде жалған хабарландырудың авторын анықтауға және оның алаяқтыққа қатысы бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік берді. 26 жастағы Көкшетау тұрғыны бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін 6 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған және ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған. Қазіргі уақытта қатысушының кінәсі толығымен дәлелденіп, іс сотқа жіберілді.

Аға лейтенант Әйгерім Бостанбаева ішкі істер органдарында жақында ғана қызмет етеді, алайда оның өндірісінде кәсібилікті, білімді, табандылықты талап ететін қылмыстық істер бар. Дәлелді базаны жинап, тергеуші күдіктіні анықтап қана қоймай, жәбірленушіге ақшалай қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етті.

«Полиция қатарында Әйгерім Өмірбекқызы сияқты үлгілі және жауапты полиция қызметкерлері көп болсын деп тілеймін», — деп жазады хатының соңында Сергей Жегужевский.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...