Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанАлматыға айнала блокпостар қойылды

Алматыға айнала блокпостар қойылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Алматы қаласына айнала блокпостар қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге, сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі:

Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі;

Жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленеді;

Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі;

Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;

Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленеді;

Жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етіледі.

Төтенше жағдайдың кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жауапты болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...