Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 наурыз күні 06 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты. Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.4. MPV магнитудасы — 4,9. Тереңдігі — 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.