Суббота, 21 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚазақстанАлматы облысында жүк пойызы 14 қойды басып кетті

Алматы облысында жүк пойызы 14 қойды басып кетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көлік полициясы темір жолдың бойында қойын жайғаны үшін Алматы олысының 51 жастағы тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қопа-Жиренайғыр» аралығында жүк пойызының машинсі темір жол бойында бір отар қойдың жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежегішті іске қосты. Бірақ, 14 қойды басып кетті. Пойыз 9 минут тұрып қалды», — деді Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, Шамалған стансасындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында қойдың иесі Алматы облысының 51 жастағы тұрғын екендігі анықталды.

«Аталған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», — деді полиция полковнигі.

Айта кетсек, осы жылдың қаңтар айында пойыздың шұғыл тоқтауының 145 фактісі тіркелді. Оның 37-сі темір жол бойында адамдардың жүруіне және 108-і малдың жайылуына байланысты орын алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...