spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚазақстанАлматы облысында жүк пойызы 14 қойды басып кетті

Алматы облысында жүк пойызы 14 қойды басып кетті

-Жарнама -spot_img

Көлік полициясы темір жолдың бойында қойын жайғаны үшін Алматы олысының 51 жастағы тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қопа-Жиренайғыр» аралығында жүк пойызының машинсі темір жол бойында бір отар қойдың жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежегішті іске қосты. Бірақ, 14 қойды басып кетті. Пойыз 9 минут тұрып қалды», – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, Шамалған стансасындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында қойдың иесі Алматы облысының 51 жастағы тұрғын екендігі анықталды.

«Аталған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», – деді полиция полковнигі.

Айта кетсек, осы жылдың қаңтар айында пойыздың шұғыл тоқтауының 145 фактісі тіркелді. Оның 37-сі темір жол бойында адамдардың жүруіне және 108-і малдың жайылуына байланысты орын алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img