Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
9.8 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарСайлау-2023«АМАNАТ» әрқашан халықпен бірге !

«АМАNАТ» әрқашан халықпен бірге !

«АМАNАТ» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Абай Жорабек «Заречный»   ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кандидат партияның Ақмола облысында алдағы бес жылдықтағы жоспарымен бөлісіп, 2027 жылға дейін жүзеге асырылатын партияның негізгі міндеттерін атап өтті.

«Бағдарламамыз партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардың өтініштері мен түскен тапсырыстар негізінде жазылды. Бізде аймақтың проблемалары туралы нақты көзқарас және мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспары бар! Біз бүкіл облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеуге дайынбыз және өңірімізді, Қазақстанымызды бірге дамытуға шақырамыз», – деді А.Жорабек жиналғандарға.

Партияның Сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндіктер беру, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медицина алу үшін жағдай жасау, бұқаралық спортты, мәдениет пен демалысты дамыту, сондай-ақ жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері енгізілген.

«АМАNАТ партиясы кадр тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы, балабақшалардың, мектептердің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, спорт және мәдениет нысандарының болуы, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, халықты баспанамен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, т.б. мәселелерін шешеді. Осының барлығы бес жыл ішінде студенттік орын тапшылығын жойып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді», – деп бөлісті А.Жорабек.

Сондай-ақ, партия тарапынан бағдарламада көрсетілген іс-шаралар облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту көрсеткішін арттырып, медицина қызметкерлерінің тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

Партия мүшелерінің күш-жігері облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдау мен дамытуға, сондай-ақ ауыл еңбеккерлерінің табысын одан әрі арттыруға, өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолдау көрсету арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Бағаның өсу қаупі барынша жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жедел қорын ұйымдастыруды бақылау қамтамасыз етіледі және жеңілдікті несиелер беру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау көрсетіледі.

Мұның барлығы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне, негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуіне ықпал етеді.

Баяндамашы жиналғандарды алдағы сайлауда «АМАNАТ» партиясының кандидаттарын қолдауға шақырды.

«Біздің Сайлауалды бағдарламамыз біздің құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен ұстанымдарымызды көрсетеді. «АМАNАТ» партиясы жауапкершіліктен қорықпайды, үлкен саяси тәжірибесі бар және жүзеге асырылатын нақты жоспарларды ұсынады. «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты іс-әрекеттер бағдарламасы!». – деп түйіндеді кандидат.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...