Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор: білім беру жүйесінде бюджет қаражатын заңсыз пайдаланудың әрбір жағдайы төтенше жағдай...

Антикор: білім беру жүйесінде бюджет қаражатын заңсыз пайдаланудың әрбір жағдайы төтенше жағдай ретінде қарастырылуы керек

Сондай-ақ, оқыңыз...

Білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын заңсыз пайдаланудың кез келген фактілеріне жол бермеу және жолын кесу түбегейлі маңызды. Мұндай жағдайлардың әрқайсысы төтенше жағдай ретінде қарастырылуы керек. Бұл туралы жыл сайынғы тамыз педагогикалық конференциясы барысында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мәлімдеді.

Әлеуметтік саланың маңызды элементі ретінде білім беру саласы әрдайым айтарлықтай бюджет қаражатымен қамтамасыз етіледі. Соңғы үш жылда ғана білім беруді дамытуға 12,1 трлн теңге бағытталған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бүкіл ел бойынша 369 орта білім беру нысандарының құрылысы жоспарлануда, оның 18 — і Ақмола облысында.

Ағымдағы жылы Үкіметтің қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру тетігі бекітілді. Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына сыбайлас жемқорлықтан алынған 151 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Бұл ақшаға еліміздің бірқатар өңірлерінде 62 мектеп салынады.

Департамент басшысының бірінші орынбасары атап өткендей, мемлекеттің мұндай қолдауы білім беру саласының бірқатар мәселелерін шешуге елеулі үлес болмақ. Бұл өз кезегінде сапалы білім беру қызметтерін ұсыну қажеттілігін көздейді.

Сонымен қатар, үлкен бюджет қаражаты түсетін сала әлі де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған салалардың бірі болып қала береді. Тек соңғы үш жылда білім беру саласында мемлекетке шамамен 11 млрд теңге шығын келтірген 343 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді.

Биылғы жылы Антикор мен Білім Министрлігі жүргізген орта білім беруді қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жоспарлау кезеңінен бастап жымқыру мен иемденуге дейінгі мемлекеттік қаражатты ұрлаудың барлық сызбасын ашты. Анықталған тәуекелдерді жою мақсатында Жол картасының жобасы әзірленді.

Сонымен қатар, спикер қоғамның парасаттылық жүйесін қалыптастыруда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жақында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жаңа жобасы іске қосылды, онда студент жастардың сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге белсенді қатысуы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Конференцияда ҚР Білім Министрлігі орта білім комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин, мектептер, колледждер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Іс-шара соңында өңірдің білім беру жүйесін дамытуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге ерекше үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...