Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАрқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform.

14 наурыз — «Көрісу күні» («Амал» мерекесі) дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін уақыт.

Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының мәдениет майталмандары, мәдениет қайраткерлері ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысты.

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Әдемі-ау» би ансамблінің жетекшісі Расизма Сучкова, солистері Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Кәріпов және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблінің ұжымы мен жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева облыс шекарасы аумағында кездесу өткізді.

Татулық пен бауырмалдыққа шақыратын тағлымы мол мерекеде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мен Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Әубәкіров жұртшылықты Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күнімен құттықтады.

«Біздің еліміз үшін достық пен ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан бүгінгі шарада баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!», — деп атап өтті Айгүл Сәбитова.

Амал мерекесінде қос филармонияның өнер ұжымдары қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...