Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанҚарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

2 қыркүйекте Қарағанды облысында «Шахтер» орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан адамдарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімінен басталды. Төтенше оқиға кезінде 15 адам, оның ішінде 6 әскери қызметші мен азаматтық қорғау органдарының 9 қызметкері қаза тапқан болатын.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының ТЖ министрлері, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрінің бірінші орынбасары Александр Чуприян, сондай-ақ 15 елдің қатысушылары мен делегаттары қатысты.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрінің бірінші орынбасары — Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин және жарыстың бас төрешісі Нейедлы Александр құттықтау сөз сөйледі.

Чемпионат алауы жағылғаннан кейін, салтанатты шара аясында әйелдер мен ерлер командалары арасында шабуыл сатысымен көтеріліп, жеңімпаздарды марапаттау бойынша финалдық жарыстар өтті.

Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде командалар 100 метрлік кедергілерден өтетін болады. Келесі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өтеді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионаты мен әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатында бірінші орынға ие болған командаларға жаңа автокөліктердің кілттері табыс етіледі.

Қазақстанда мұндай іс-шара екінші мәрте өтіп отыр. 2014 жылы чемпионаттың әлем біріншілігі тұңғыш рет Алматы қаласында өткен болатын.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әлемнің түрлі елдерінің азаматтық қорғау органдары саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...