Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАстрахан ауданында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім зардап шекті

Астрахан ауданында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім зардап шекті

Ақмола облыстық  Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1170 шақырымында, Жамбыл ауылы маңында орын алған. Бұл туралы Астархан аудандық  ПБ кезекшілік бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшері хабарлап айтқан.

«Анықталғандай,  Атбасар қаласы бағытында жүріп келе жатқан «BMW» автокөлігінің оң доңғалығы жарылған. Осының салдарынан  38 жастағы жүргізуші (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны)  көлікті басқара алмай жол шетіндегі жыраға аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылы туған жолаушы Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы жол апатына байланысты  ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда абай болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...