Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Атам мен әжем» фестиваль-байқауының жүлдегерлері анықталды

«Атам мен әжем» фестиваль-байқауының жүлдегерлері анықталды

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 16 наурыз күні облыстық «Атам мен әжем» фестиваль-байқауын өткізді.

Байқау ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасы ынтымақтастығын нығайту, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді қастерлеуге, үлкенді құрметтеп, сыйлауға, ата-дәстүрімізді сақтауға, әжелер мен аталар ісін үлкенге өнеге, кішіге үлгі ету мақсатымен ұйымдастырылды.

Байқау екі кезеңмен өткізілді.

Бірінші іріктеу туры онлайн форматта өтті. Қатысушылар өтінім мен бейнеролик жіберді. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы жіберілген бейнематериалдарды мұқият қараған қазылар алқасын құрды. Жалпы, бірінші турға 13 қатысушы өтінім беріп, оның ішінде екінші іріктеу турына және қорытынды концертке 10 қатысушы өтті.

Екінші іріктеу туры 2023 жылдың 16 наурызда «Достар» мәдениет сарайының сахнасында өтті.

«Атам мен әжем» облыстық фестиваль – байқауының қазылар алқасының шешімімен: Егіндікөл ауданынан келген Мажкенов Жұмажан атамыз бен Салина Қалипа Жұмағатқызы әжеміз арнайы жүлдемен 70 000 теңге сертификатты иеленді.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен 30 000 мың тенге ақшалай сертификаттар табыс етілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...