«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Атбасар қаласы тұрғынының үйінен электрондық валютаны өндіруге арналған жабдықтарды тапты. Оның ішінде «айтмайнер» арнайы жабдығының жарамды 2 данасын, сондай-ақ айтмайнерлерге арналған жабдықтың 9 бірлігін, басқа да қосалқы техниканы тәркіледі.
Бағдарламашы болып істейтін 29 жастағы ер адамның айтуынша, ол 3 ай бойы үйде криптовалютаны өндіріп келген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, іс материалдары әкімшілік хаттама жасау үшін мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.
Естке сала кетсек, қызметтің осы түрі (майнинг) бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында төлемақы (цифрлық майнинг үшін төлемақы) алынады.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.