Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай және бұршақ күтіледі.11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде — шаңды дауылдар.
Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі күтілуде. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік болатыны күтіледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 жылыға дейін төмендеуі болжанады.