Понедельник, 9 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградАуданда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ауданда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

 Целиногад ауданында Р.Қошқарбаев, Жарлыкөл ауылдық округінде кандидаттар Ғалым Қойлыбаев, Азамат Канапиянов, Мақсат Рапишев, Берік Рымқұлов, Болатбек Ибраев, Жасұлан Ислямов, Айдын Туребаев, т.б. үгіт-насихат жұмысы бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерін ескеріп, сайлауалды бағдарламада оңды шешім табатын бағыттарын түсіндірді. 

Кандидаттар «Nur Otan» партиясы Целиноград ауданын дамытудың осы 7 басым бағытына кеңінен тоқталып өтті. Атап айтқанда экономикалық тұрақты аудан бағытында ауданда игі жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында  жаңа жұмыс орындары ашылады. Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді қолға алады. 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы ауылдары) 35 мал шаруашылығы базасы салынады.  5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы-«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр — «Грин Стар» ЖШС, Талапкер — «Табыс»ӨК ) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын  болады.

Партияның Сайлауалды бағдарламасындағы өңірді дамытуға бағытталған басымдылықтармен келелі міндеттермен етене танысқан тұрғындар жасалғалы отырған зор мүмкіндік екенін өз тараптарынан кездесу барысында ескеріп өтті. Кандидаттар ауданның саяси-экономикалық даму бағытындағы сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарының бірі туризмді дамыту бойынша талқылап өтті. Целиноград ауданының тарихы терең, мәдени-танымдық және этнотуризм бағытында туристік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдар аралығында ықпал етеді: демалыс күнінің 5 турларын әзірлеу. Қоянды ауылдық округіндегі «Золотая фазенда» демалыс базасын кеңейту (500 орындық мейрамханасы бар 110 бөлмелік қонақ үй кешенінің құрылысы). Қоянды ауылдық округінде «Wish Stone» ЖШС демалыс аймағы мен қонақ үйінің құрылысы (2021-2022 ж.).

Кездесу барысында тұрғындарға аудандағы атқарылар жұмыстармен қатар көкейлерінде жүрген сұрақтары да назардан тыс қалмады. «Өмір сүруге жайлы аудан» бағыты бойынша кандидаттар  ауылдық жерлерді таза ауыз сумен қамту мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыратындығын жеткізді. 26 ауылда таза ауыз су мен жабдықтау объектілері салынады.  Ағымдағы 2020 жыл — 8 ауыл: (Қосшы, Ақмол, Қабанбай батыр, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша), Тайтөбе, Қаражар, Қажымұқан, Жаңа жол, Ынтымақ, Шұбар, Төңкеріс Талапкер ауылдары. 2021 жылы — Нұресіл, Раздольное, Жайнақ, Қабанбай батыр, Жаңа жол, Арайлы, Талапкер ауылдары. 2022 жылы — Өтеміс, Қосшы, Қызылсуат, Опан, Мәншүк, Софиевка ауылдарында жүзеге асырылады.

Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басымдылықтарды қолдайтындығын  жеткізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ең басты мақсаты да халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Кездесу соңында Кандидаттар ауыл халқына партияның басты мақсатын түсіндіре отырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге, бірлікке шақырды. Сондықтан халықтың үніне құлақ асатын, нақты істер партиясын қолдайық!

 «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Целиноград ауданының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

2 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардыңқұқықтарынқорғаудыкүшейтугебағытталғантүзетулеренгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға...

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...