Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАуыл тұрғыны үй салуға рұқсат алу кезінде бюрократияға тап болған

Ауыл тұрғыны үй салуға рұқсат алу кезінде бюрократияға тап болған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы тұрғынының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылыс салушы белгіленген құрылыс және басқа да міндетті нормалар мен ережелерді бұзбайтын және жергілікті атқарушы органның сәулет-қала құрылысы қызметімен келісілген кез келген жоба бойынша тұрғын үй салуға құқылы.

Мәселен, азамат Д. Бозайғыр ауылындағы жер учаскесінде тұрғын үй салу үшін Шортанды ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын алды.

Заңнама талаптары бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасының негізінде өтініш беруші эскиздік жобасын дайындап, оны жергілікті атқарушы органмен келісілуі тиіс.

Алайда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу мен эскизді келісуге өтініш тапсыру уақыты аралығында жергілікті сәулет органы Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі болып қайта құрылды, осыған байланысты көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде бұрын берілген рұқсатты көрмегендіктен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан.

Осындай формальды себептер бойынша тұрғын үй салу мүмкіндігінен айырылған көрсетілетін қызметті алушы Департаментке өзіне шектеу қойған шешімге шағым келтірді.

Шағымды қарау барысында көрсетілетін қызметті берушінің қайта құрылуына қарамастан, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде өтініш берушінің бұрынғы сәулет-жоспарлау тапсырмасы туралы мәліметтері бар екендігі анықталды, сол себепті Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды негізсіз деп таныды.

Соның нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушының эскиздік жобасы келісіліп, ол өз аумағында тұрғын үй салу мүмкіндігіне ие болды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...