Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ақылы жолдарды енгізу және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық мәселелеріне арналған брифинг өтті. Оған жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының Ақмола облыстық филиалы мемлекеттік есепке алу және сапаны бақылау бөлімінің инженері Игорь Стефан қатысты.
Брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Темірханов және «Қазақавтодор» ЖШС облыстық филиалының директоры Нұрлан Смайылов «Көкшетау-Щучинск» және «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автожолдарында ақылы жолдарды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Спикерлер қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті материалдармен қамтамасыз ету мәселелеріне бөлек тоқталды.
Өз кезегінде жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының облыстық филиалының инженері Игорь Стефан жол қозғалысының қауіпсіздігі мен асфальтбетон жабынының жай-күйіне байланысты автожолдарды қысқы күтіп ұстауға қойылатын талаптар туралы айтып берді.
«Автожолдар мен жол құрылыстарын қорғау бойынша дайындық іс-шаралары уақтылы жүргізілуі тиіс. Жол ұйымдары қазірдің өзінде көктайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етілуге тиісті, ал олардың техникасы жөнделіп, жарамды күйде тұрып және жанар-жағармай материалдарының қажетті көлемімен қамтамасыз етілуі керек. Автожолдар бойындағы қар ұстайтын қоршаулар да тиісті жағдайда болуы талап етіледі, әсірсе қатты қар басатын учаскілерді. Жолдарды қардан және қар құрсауынан уақытылы тазалау ерекше назарды талап етеді», — деп бөлісті өз сөзінде Игорь Стефан.
Филиал инженері асфальтбетон жабынының бұзылуына және деформациялануына жол бермеу үшін жолдарды дұрыс тазалаудың маңыздылығына да назар аударды. Игорь Стефан өз сөзінде жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының өңірлік филиалы автожолдарды қысқы күтіп ұстау сапасын бақылайтынын, проблемалық учаскелерге шығуды, жолдарды күзгі тексеруді, өндірістік базаларды дайындауды жүргізетінін атап өтті.
Жалпы, филиал мамандары қысқы кезеңде автожолдарды күтіп ұстаудың барлық бағыттары бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
Жол активтері Ұлттық сапа орталығы
Ақмола облыстық филиалы
Баспасөз хатшысы: А.Әбутәліпов.