Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің жаңа бұйрығынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуірдегі №110 «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бидай мен ұн экспортына квота енгізіледі.

Қазіргі уақытта бұйрық ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды. Жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылаады: – бидай мен меслинге – 1 млн тонна; – бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады).

Сонымен бірге, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз.

Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квота) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...