Зеренді ауданының Бұлақ ауылдық округі нық қадаммен, жоғары қарқынмен дамуда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын, орта бизнес, әлеуметтік салалар, уақыт талаптарына төтеп беріп, қалыпты дамуда. Тұрғындар жұмыс орындарымен, тұрақты табыс қөздерімен қамтылған, өмір ағымына шағымдары жоқ деуге болады.
Бұлақ ауылдық округінің тірек елді мекені Еленовкадағы орта мектептің ғимаратына, бірнеше ондаған миллион қаржы жұмсалған күрделі жөндеудің жасалуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуанышты оқиға болғаны сөзсіз. Жергілікті білім алушылар мен ұстаздар қауымын өткен оқу жылын, өздерін жаңашылдығымен және жайлылығымен қарсы алған, танымастай өзгеріске ұшыраған мектеп қарсы алды.
Ағымдағы жылы Жаңауыл аулында әр үйге судың өткізілуі, тұрғындардың тыныс-тіршілігін біршама жақсартқаны ақиқат. Жолдардың жағдайлары да көңіл көншітерлік. Округтегі оң өзгерістерді ауылдықтар, өз бағдарламаларының негізгі бағыттарын ойдағыдай жүзеге асырып отырған «Nur Otan» партиясының бастауыш рөлімен байланыстыруда. Олар, өмір сүру сапасын жақсарту, туған ауылдарын жайғастыру бағытындағы жұмыстардың алдағы кезеңде де жалғасуын күтетіндері анық.
Осы себепті мәслихаттардың: аудандық-Руслан Абдуахитовтың, облыстық — Қайрат Сұлтановтың алдағы жылы Қарлыкөл ауылының суқұбырларына ағымдағы жөндеулердің жасалатыны туралы ақпараттары көтеріңкі көңілмен қабыл алынды.
Осы мақсатқа 42 миллионнан аса, Еленовка селосының клубына ағымдағы жөндеу жасауға 11 миллион теңге сомасында қаражаттар бөлінбекші.
Округ белсенділерімен сенімділік, түсіністік жағдайында өткен кездесуде кандидаттар қатысушыларды «Nur Otan» партиясының ел болашағы, әр тұрғынның әл-ауқатын көтеруге қамқорлыққа толы Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Абдуахитов ауданда ойдағыдай жүзеге асып, жаңа өндірістер ашып, инвестициялар тартуға, жүздеген жаңа жұмыс орындарын құруға, көптеген зеренділіктерді кәсіпкерлік қызметке тарту, сумен қамтамасыздандыру ауданның көптеген елді мекендеріндегі жол жабындыларын жөндеу мәселелерін шешуге бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – Ел бесiгi» мемлекеттік бағдарламаларына ерекше назар аударды.
Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов, халық қалаулысы ретінде Зеренді ауданында туризмді дамыту,қазақстандық сәбилердің демалулары мен сауығуларына қолайлы жағдайлар жасау, өз алдына қойған басқа өзекті мәселелерді шешу қажеттілігіне назар аударды.
Кездесуге қатысушылар кандидаттарға өз өтініштерін білдірді: округтің елді мекендері аралық жолдарын қалыпты ұстау мақсатында «Көкшетау Жолдары» облыстық мекемесіне беру, Еленовка дәрігерлік амбулаториясында дәріханалық пункт ашуға ықпал жасау. Кездесу барысында жаңа өртсөндіру машинасын алу және депо салу мәселесі де көтерілді.
-Біз еш шүбәсіз «Nur Otan» партиясына дауыс береміз, өйткені осы саяси күштің нақты істерін көріп, алдағы өмір ағымы да осылайша жалғасады деген ойдамыз: қазіргі таңда әр жерлерде жаңа нысандар пайда болды,жастардың туған жерлерінен кетпей, өздерінің шағын отандарында қалулары, бақытты болулары, ойдағыдай өмір сүрулері үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған ауылдар көркейтілуде. Ждем от партии «Nur Otan» партиясынан экономиканы, тұрақтылықты, бейбітшілікті нығайту бағытында нақты қадамдар күтеміз, — деді өз сөздерінде ауылдықтар. – «Nur Otan» саған Қазақстанның сенетінін есіңде ұста!
Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.