spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстандағы бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының ипотекалық мөлшерлемесі 2 пайыз болады

Қазақстандағы бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының ипотекалық мөлшерлемесі 2 пайыз болады

-Жарнама -spot_img

Қазақстанда ипотекалық мөлшерлеме 2 пайыз болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы» банкінің ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна көлемі баспана құнының 10 пайызына дейін төмендетіледі. Отбасы табысына байланысты жеңілдікті несиелендіру бойынша мөлшерлеме жылдық 2 пайыз және 5 пайыз болады», – деді министр.

Оның атап өтуінше, баспана жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы қағидаларға өзгерістер енгізіледі. Соған сәйкес зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асатын бөлігін үй сатып алу үшін «Отбасы банкінің» шотына аударуға мүмкіндік беріледі.

«Құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік- жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізіледі», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетіндігі айтылды. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img